Ажалдың жақын қалғанын анықтаудың тәсілі белгілі болды
Ажалдың жақын қалғанын анықтаудың тәсілі белгілі болды
4 жыл бұрын 12466 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы оң қол мен сол қолдың артериялық қан қысымындағы айырмашылықтың инсультке, жүрек талмасына ұшыратып, өлу қатеріне алып келетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Hypertension мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар АҚШ-тан, Еуропадан, Африка құрлығынан және Азиядан аталмыш зерттеуге өз еркімен қатысқан 54 мыңға тарта адамды қамтитын 24 түрлі зерттеуге метаталдау жасаған екен. Дәлірегі, мамандар екі қолдағы артериялық қан қысымының айырмашылығына қатысты деректерді зерделеп, он жыл бойы жүректен, жүрек талмасынан, инсульттен орын алған өлім-жітімнің барысын қадағалаған болатын. Екі қолдағы артериялық қан қысымындағы едәуір айырмашылық тамырдың тарылуынан, қатаюынан хабар береді. Бұл өз кезегінде қан айналымы мен ағынына теріс әсерін тигізеді. Белгілі болғандай, айырмашылықты нақты көрсететін сынап бағанасының әрбір қосымша миллиметрі стенокардия, инфаркт немесе инсульт қатерін бір пайызға арттырып отырған. Сынап бағанасының 10 миллиметрі ең жоғарғы шегі болып табылады. Әлемде қан қысымы жоғары адамдарда аталған көрсеткіштен асатындар қарасы 11 пайызды құрайды, бұл адамзаттың санына шаққанда 4 пайыз болады.

Ұқсас материал: "Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-ajaly-jaqyn-qalganyn-bildiretin-belgilerdin-biri-ataldy-13231/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат