Малайзияда ананас қалдығынан дрон жасалды
Малайзияда ананас қалдығынан дрон жасалды
3 жыл бұрын 2103 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайлық ғалымдар ананас қалдығынан ұшқышсыз ұшатын тікұшақ пен дрон каркасын жасауды үйренді, дәлірегі, жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы singaporenewslive.com ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бірегей жобаға Малайзия университетінің профессоры Мұхаммед Тарық Хамид Сұлтанның өзі жетекшілік етті. Мықты материал алу үшін ананастың қоқысқа тасталған жапырақтарынан талшық пайдаланылған. Ғалымның сөзіне қарағанда, ел астанасы - Куала-Лумпур қаласынан шамамен 65 шақырым қашық жатқан Хулу-Лангаттағы фермерлер өсіретін ананас қалдығынан жасалған. Оның айтуынша, ананас жапырағы аэроғарыш саласында пайдалануға болатын талшыққа айналдырылады. Биокомпозитті материалдан жасалған дрондардың салмағы ауыр тарпайды, бұл олардың алысқа әрі биік ұшуына мүмкіндік береді, бұл – бір деңіз, екіншіден – синтетикалық талшықтан алынған материалдарға қарағанда мықты келеді, бұған қоса, арзанға түседі әрі жойылуы оңай. Ондай материалдан жасалған дрондар мың метр биіктікке дейін көтеріліп, әуеде шамамен 20 минут бола алады. Малайлық мамандар алдағы уақытта ауыл шаруашылығында пайдалануға қолайлы, яғни, жүк тасымалдауға әрі әуеден инспекциялық тексеруге жүргізуге мүмкіндік беретін ірілеу дрондар құрастыруды көздеп отыр.

Reuters

A student holds pineapple leaf fibres

0 пікір
Мұрағат