Адамның қан тобын медициналық тексерусіз анықтаудың бір тәсілі айтылды
Адамның қан тобын медициналық тексерусіз анықтаудың бір тәсілі айтылды
4 жыл бұрын 7210 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әдетте адамның қан тобын анықтау үшін қан үлгісін алады. Анализ жасалғаннан кейін қандай қан тобы екендігі анықталады. Ресейдегі BestDoctor медицинаны дамыту жөніндегі департамент жетекшісі Юлия Ткаченко адамның қан тобын медициналық тексеруді қажет етпейтін, яғни, генетикалық принциптер бойынша анықтаудың әдісін тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы iz.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігердің айтуынша, шамалап қан тобын анықтауда тек бір тәсілдің ғана сенімді: адамның әкесі мен шешесінің қаны 1-ші топқа жатса, онда оның қан тобы міндетті түрде бірінші топта болады. Ал өзге қан тобындағыларға бұл заңдылық жүрмейді. Мәселен, адамның әкесі мен анасының қаны 2-ші топқа жататын болса, онда баласының қан тобы бірінші немесе екінші қан тобында болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат