Арабтар жасанды тері жасады
Арабтар жасанды тері жасады
3 жыл бұрын 3382 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық инженерлер мықты, жасанды тері жасады. Бұл жайында islam.kz порталы TechXplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арабтардың қолынан шыққан тері кремнеземнің (кремния тотығы) нанобөлшектерімен нығайтылған гидрогел негізінде жасалған. Сезімтал қабаты үшін MXen титатының 2-D карбиді пайдаланылған екен. Сезімтал беткі жағы өткізу қасиеті жоғары наноөткізгіш арқылы байланысады. Былайша айтқанда, бір-бірімен жалғасып жатқан тізбек тәрізді. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, гидрогелдің 70 пайыздан астамы судан тұрады, бұл өз кезегінде адам терісіндегі тіннің гидрогелді жатсынып, жатырқамауына көмектеседі. Жасанды тері технологиясы: ондағы ток өткізетін элементтер бастапқы көлемінен 28 есе ұлғайса да қасиетін жоғалтпайды. Электронды терінің бұл прототипі қандай да бір затты 20 сантимтер қашықтан сезе алады. Тітіркендіретін нәрселерге бір секундтың алғашқы ондығына жетпей жауап қата алады. Яғни, реакция танытады. Ал қысым датчик ретінде пайдалансаңыз, жазу құралымен түсірілген жазбаны ажырата алады. Бұл терінің осындай бірқатар артықшылықтары бар. Аталмыш тері 5000 деформациядан кейін де қабілетін жоғалтпайды, шамамен әрбір төртінші секунд сайын қалпына келе алады. Бұл айтылғандар электронды тері үшін қайран қалдырарлық жетістік. Мұндай тері қан қысымынан бастап, буындағы өзгерістерге дейін – биологиялық ақпараттарды қадағалауға мүмкіндік береді. Сонсоң бұл деректер Wi-Fi арқылы смартфонға немесе компьютерге беріледі. Созылатындығымен, мықтылығымен, сезімталдығымен адам терісін еске түсіретін бұл теріні нақты уақыт аралығында организмнің жай-күйін бақылап, ақпарат алуға пайдаланылуы мүмкін. Электронды тері жұмсақ роботтарды жасауда, пресоналды медицинада, жасанды зерде саласында, протез салуда маңызды рөл ойнайды.

0 пікір
Мұрағат