Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды
Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды
18 күн бұрын 1914 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Балықтың кейбір түрлері кей ағзаларын, мәселен, зақымдалған көзін қайта өсіре алады. Мұндай қабілетке жауапты ген сүт қоректілердің, соның ішінде адамның бойында да бар болып шықты. Айналып келгенде адам да зақымдалған ағзасын өздігінен, өзінің организімінде өсіре алады, алайда, бұған иммундық жүйесі мүмкіндік бермейді. Рас, бұл шектеуді айналып өтуге болады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімдерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көз торының зақымдалуы адамды соқырлыққа алып келетін негізгі себептердің бірі. Осындай себеппен күллі әлемде миллиондаған адам зағип болып жатады. Өкінішке қарай, көз торы ғалымдар өсіре алмайтын кей тіндердің біріне жатады. Адамға қарағанда данио балығы секілді теңіз жануары онсыз жарық дүниені көру мүмкін емес көз торының тінін регенерирлей алады. Бұл орайда адам мен аталған балық гендерінің 70%-ы бір-біріне сәйкес келеді. Таяуда ғалымдар анықтағандай, осынау адамға да, балыққа да ортақ гендердің кейбіреуі данио балығына зақымдалған көз торын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Джон Хопкинс университетінің нейробиологы Сет Блэкшоу бұрын адамда да мұндай қабілет болғанын алға тарта келе кейін эволюциялық кезеңдерде бұл қабілетінен айырылып қалғанын жеткізді. Көз торы жарыққа сезімтал «шыбықтар» мен конустардан, сондай-ақ, жарық ақпаратын миға жеткізетін нейрондар мен синапстардан тұрады. Құрсақтағы ұрықтың дамуы барысында көз торы өсіп келе жатқан мидан қалыптасады, сондықтан да ол ми тіні болып табылады. Мюллер жасушасы (Müllerian glia) – көз торының нейронының қызметін қамтамасыз ететін көз торының бір бөлігі. Олар маңызды молекулаларды сақтай отырып, нейротрансмиттер мен өзге де қоқыстарды жояды. Кейбір балықтар мен қолтырауындарда müllerian glia, сонымен қатар, нейрондарды жасушаға айналдырады, содан соң бұл жасуша көз торының нейронына, шыбығына және конусына бөлінеді. Бұл процесс сүтқоректілерде болмайды. Нейробиолог Тхань Хоанг пен оның әріптестері данио балығының, балапанның және тышқанның müllerian glia-сының генін бақылай отырып, бұл жасушалардың жарақатқа қалай жауап қататынын зерделеген еді. «Белсендірілген гендер иммундық жасушаларды зақымдалған тіндерді тазалауға жұмылдырды»,- деп бөлісті Сет Блэкшоу көрген-білгенін. Алайда, тышқанның бұл гендері басылып қалды, осыған орай жасушалардың көз торының жасушаларына айналуына мүмкіндік болмай қалған. Ғалымдар байқағандай, тәжірибе жүргізілген, жоғарыда аталған үш жануардың көз торлары зақымдалғаннан кейін олардың müllerian glia-сы ядролық факторды, яғни, ДНҚ-мен байланысатын ақуызды өндіруді тоқтатты, ол жасушаның ДНҚ биттеріне жетуіне жол бермейтін, сол арқылы гендерді «өшіреді». Артынан ғалымдар Мюллер жасушаларын тоқтатқанда ересек тышқандардың бойынан көз торы нейрондарының «өндірісі» басталды. «Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамды қоса алғанда сүтқоректілердің бойында регенерациялық әлеует бар, алайда кей эволюциялық факторлардан бұл қабілеттен айырылып қалған»,- деп мәлімдеді Сет Блэкшоу. Ғалымдардың топшылауынша, бұл қабілет орталық жүйке жүйесінің регенерирлеуі мен паразиттерден қорғау арасындағы ымырадан (компромиске келуі) жоғалуы да мүмкін. Мüllerian glia инфекция таралуының алдын алады, егер ол нейронды істеп шығаратын жасушаға айналса, онда организмді инфекциядан қорғай алмай қалады. Әзірге адамның регенерациялық қабілеті мен әлеуеті турасында нақты кесімді пікір айту қиын. Осыған байланысты ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастырады.

0 пікір
Мұрағат