Тәжді тажалдан бөлек, супербактериямен байланысты қауіпті індет бас көтеріп келеді
Тәжді тажалдан бөлек, супербактериямен байланысты қауіпті індет бас көтеріп келеді
4 жыл бұрын 3388 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар супербакетрияның таралуына байланысты ғаламдық қауіп туралы ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда жыл сайын күллі әлем бойынша дәрі-дәрмекке бой бермейтін, яғни, антибиотикке аса төзімді бактерия түрлерінен 700 мың адамның бақилық болып жататынын айта кеткіміз келеді. Мамандардың топшылауынша, 2050 жылға қарай зиянды микроорганизмдерді жұқтыратындар қарасы он млн адамға етуі мүмкін. Ғалымдар антибиотиктерді шектен тыс тұтыну, әсіресе, мал шаруашылығында жиі пайдалану өз кезегінде көптеген бактериялық инфекциялардың, соның ішінде, туберкулез, сальмонелла, т.б. штаммдары емдеуге келмейтін індетке айналуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Сан-Диегодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Стеффани Стратдидің айтуынша, антибиотикті шектен тыс тұтынудың салдарынан адамзат агрессиялық сипаты басым патогендік организмдермен бетпе-бет келетін мезгіл жақын. Осылай деген ол аяқ астынан пайда болған COVID-19 вирусына қарағанда супербактерия дағдарысы бұрыннан бар, алайда, аталмыш дағдарыс жылдан жылға өршіп келе жатқанын тілге тиек етті. Америкалық профессордың айтуынша, супербактериямен байланысты жұқпалы індет пандемияға ұласады.

0 пікір
Мұрағат