Адам терін электр энергиясына айналдыратын технология жасалды
Адам терін электр энергиясына айналдыратын технология жасалды
3 жыл бұрын 2206 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Инженерлер кәдімгі материал қарағанда терді бірнеше есе шапшаң сіңіріп алатын әрі оны электр энергиясын етіп өндіретін галваникалық элементке (батареяға) айналдыратын материал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nano Energy мерзімді, ғылыми басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа материалдың негізгі компоненттеріне кобальт хлориді мен этаноламин кіреді. Осы компоненттердің арқасында материал терді алты есе тез сіңіріп, цеолит немесе силикагел секілді кәдімгі материалдарға қарағанда ылғалды 15 есе көп мөлшерде қамти алады. Бұл матерталдан жасалған бұйымда кептіру үшін табиғи күн сәулесі жетіп жатыр. Кепкен соң оны қайта кәдеге жаратуға болады, яғни, қайыра пайдалануға болады. Дәлірегі, жүз реттен көп пайдалануға келеді. Мұндай материал тер көп бөлінетін қолтық астына, табанға қойылатын ұлтарақта пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат