Шөлде немесе теңізде шөлдетпейтін құрғақ рацион жасалды
Шөлде немесе теңізде шөлдетпейтін құрғақ рацион жасалды
4 жыл бұрын 2368 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей ғылым академиясының қатты дене химиясы және механохимия институтының ғалымдары ашық суы кермек теңізде апатқа ұшырағанда немесе иен шөлде су таппағанда шөлдетпейтін құрғақ рацион жасады. Бұл жайында islam.kz порталы popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған жаңалықтың ерекшелігі сонда – құрғақ рацион тұтынған кезде қосымша су ішіп жатпайсыз. Яғни, құрғақ рацион организмге сусыз сіңеді, оңай қорытылады. Әдетте адам тамақтанған кезде сусын ішеді – қабылдаған ас-ауқатын қорыту үшін. Аталмыш Бычковтың айтуынша, тағамға механикалық тұрғыдан белсенділікке көшетін  гидролизді үстеген. Оның көмегімен құрғақ рационда қамтылған тағам өніміндегі ақуыздар мен көміртек қарапайым қосындыға дейін ыдырай алады. Әдетте бұл процесс ас қорыту кезінде жүреді. Сусыз шөл далада немесе суы кермек ашық теңізде қалған адамның қаны қоюланып, түйіндер пайда болады, бұл түйін өз кезегінде инфарктіге немесе инсултке ұрындыруы мүмкін. Бұл құрғақ рационның дәмі мен сапасы күнделікті тұтынып жүрген ас-ауқаттан еш айырмашылығы жоқ.

0 пікір
Мұрағат