Ұрылар кілтті көрмей-ақ, «даусына» қарап көшірмесін жасай алады (видео)
Ұрылар кілтті көрмей-ақ, «даусына» қарап көшірмесін жасай алады (видео)
4 жыл бұрын 3890 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сингапур ұлттық университеті ғалымдарының таяуда жүргізген зерттеу нәтижесі кәдімгі үйінің немесе сарайының есігін механикалық құлыппен жауып кететін адамдарға ой салуы тиіс: ұрылардың кілтті көрмей-ақ, құлыпты ашып-жапқан кездегі дыбысына қарап-ақ оның көшірмесін жасай алатын болған. Осыған байланысты смарт-есіктер кәдімгі механикалық құлыпқа қарағанда сенімділік тудырады. Ұры есікті ашып немесе жауып жатқан кезде пәтер иесінің жанын өтсе, жетіп жатыр. Қандай кілт екенін дыбысына қарап-ақ ажырата алады немесе смартфонына оның дыбысын басып алса, артынан керекті кілтті оп-оңай тауып алады. Өйткені, әр құлыптың ашылғанда немесе жабылғанда шығаратын өзіне тән дыбысы бар. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі 24gadget.ru  порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тісқаққан тәжірибелі ұрыға керекті кілтті табу немесе көшірмесін жасату түк емес. Я болмаса хакер смартфонына арнайы программаның көмегімен орнатып алған қосымща арқылы тың тыңдай алады, мұндай жағдайда ұры пәтер иесінің жанына жақындамай-ақ кілтті бұраған кездегі дыбысты таспаға тартып ала алады. Осылайша қашықтан керекті ақпаратқа қол жеткізе алады. SpiKey алгоритімінің жұмыс істеу принципі кілттің жанасқан сәтінен басталады. Таспаға тартылып қалған дыбыстың анализі жасалған соң программа сәйкес келеді-ау деген, яғни, құлыпты ашады-ау деген қажетті кілттің профилін қалыптастырады. Аталмыш қосымшаның базасында 330 424 кілттің «дыбысы» сақталған. Осы дыбыстардың негізінде сәйкес келеді-ау деген ең бес нұсқасы іріктеледі.

0 пікір
Мұрағат