Парсы шығанағы елі шетелдік жұмысшыларға жаңа ереже енгізеді
Парсы шығанағы елі шетелдік жұмысшыларға жаңа ереже енгізеді
4 жыл бұрын 3442 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Катар билігі еңбек заңнамасына қатысты ауқымды реформа жүргізілетінін мәлімдеді. Соның ішінде, ең төменгі жалақының базалық мөлшері белгіленіп, жұмысты ауыстыру процедурасын қиындататын ереженің күшін жоятын болды. Мұндай реформа Таяу шығыс елдерінде тұңғыш рет жүргізіліп отыр. Аталған араб елінде жекеменшік секторда жұмыс істейтіндердің барлығының жалақысы кем дегенде 1000 риал (Катардың ұлттық валютасы – ред.), яғни, 274,6 доллар болуы тиіс, бұдан бөлек, оларға тұратын орны үшін, яғни, пәтер жалдауына 500 риал мен ас-ауқаты үшін 300 риал қосымша төлеу қарастырылған. Өзгерістердің қатарында жұмысын ауыстырғысы келетін қызметкерлерден талап етілетін «Наразылық білдірмеу туралы сертифкат» күшін жойды. Қызметкеріне жағдай жасамаған жұмыс берушілерге ірі айыппұл салу шарасы да қамтылған. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі араб әлемінің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Катар билігінің бұл қадамы халықаралық ұйымдар тарапынан, соның ішінде Халықаралық еңбек ұйымы тарапынан қолдау тапты. Мұндай оңды өзгерістер 2022 жылы аталған араб елінде өтетін футбол чемпионаты қарсаңында орын алып отыр. Осы орайда Катардың да өзге араб елдері секілді шетелдік жалдамалы жұмысшы күшіне иек артып отырғанын айта кету керек. Шетелдік жалдамалы жұмысшылар үй қызметшісінен бастап, құрылыс саласында, т.б. секторларда нәпақа тауып жүр. Бірікен Ұлттар Ұйымының бұл бағыттағы келтірген мәліметіне қарағанда, Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі және Саудияда, яғни, Парсы шығанағындаңы араб елдерінде шамамен 35 млн шетелдік жұмысшы нәпақасын тауып жүр. Соның ішінде Катар тұрғындарының 90 пайызға жуығын шетелдік жұмысшылар құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат