Тағамды 3D-принтерде басып шығаратын әлемдегі алғашқы мейрамхана ашылды (ВИДЕО)
Тағамды 3D-принтерде басып шығаратын әлемдегі алғашқы мейрамхана ашылды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3726 bnews.kz, hauteliving.com

Лондонда тағамнан бастап жиһазға дейін 3D-принтерде басылған әлемдегі алғашқы мейрамхана ашылды.

 

3D-принтер дайындаумен айналысатын голландиялық фирманың директоры Найна Хоффтың айтуынша, мекемеде тамақ пен жиһаз, тіпті, ас үй құралдарына дейін принтерде басылып шыққан.

«Біз тағамды тапсырыс түскен сәтте басып шығарамыз. Мәселен, картоп езбесін дәрігерлер қолданатын медициналық шприцке саламыз», - дейді Найна Хофф.

Мекеме қожайыны тамақты 3D-принтерде басып шығару көп уақытты алмайтынын айтты. Мысалы, шоколад десертін дайындау үшін аспазшылар небәрі 10 минутын ғана жұмсайды екен.

Лондондағы мейрамхана үш күн бойы жұмыс істейді, содан кейін әлемдік турнеге аттанбақ. 

 
 
 
 
 

 

0 пікір
Мұрағат