Қытай билігі тәліптермен Ауғанстан мәселесін талқылады
Қытай билігі тәліптермен Ауғанстан мәселесін талқылады
8 жыл бұрын 2626

Катарда орналасқан «Тәліптер» қозғалысының саяси бюросының жетекшісі Аббас Станакзай бастаған тәліптер делегациясы  қытай билігінің арнайы шақыртуымен Бейжің қаласында ресми сапармен болып, аталған елдің басшыларымен кездесті. Шілде айының 18-і мен 22-і күндері аралығында өткен кездесу барысында екі тарап Ауғанстандағы қалыптасқан ахуалды жан-жақты талқылады. Бұл жайында «Reuters» ақпарат агенттігі хабар таратты. «Біз әлемнің түрлі елдерімен қарым-қатынасымыз жақсы жолға қойылған. Солардың бірі – Қытай»,- деді делегация жетекшісі. Сондай-ақ, ол Қытай билігінің тәліптерге Ауғанстанды шетелдік басқыншылардан азат етуге көмектескенін қалайтынын жеткізді. Айта кетейік, тәліптер қозғалысы әлемнің бірқатар елдерінде тыйым салынған ұйым ретінде белгілі. 

0 пікір
Мұрағат