Сағатына 101 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, бір адамға шақталған мультикоптердің таспаға тартылған көрінісі жарияланды (видео)
Сағатына 101 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, бір адамға шақталған мультикоптердің таспаға тартылған көрінісі жарияланды (видео)
1 жыл бұрын 1108 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Комплектілі RotorX тікұшақ құрастырушылары персоналды eVTOL тұжырымдамасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. RotorX инженерлері басқарылатын мультикоптердің жобасын ұсынды. Бұл модел Dragon деп аталды және ол джойстиктің көмегімен сағатына 101 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Сондай-ақ, мультикоптер автоматты қону жүйелерімен және баллистикалық парашютпен жабдықталған. Шын мәнінде, бұл eVTOL-дың ықшам түрі. eVTOL (ағылш. electric vertical take-off and landing) – тігінен ұшып көтерілу және қону жүйесі бар электрлі ұшақ, VTOL түрі (тік ұшып көтерілу және қону үшін электр қуатын пайдаланатын тік ұшып көтерілу және қонуға арналған ұшақ). RotorX инженерлері әрқайсысы үшін сегіз пропеллері және 16 кВт электр қозғалтқыштары бар коаксиалды октакоптерді пайдалануды ұсынады. Аталмыш компания өкілдері максималды ұшу уақыты шамамен 20 минут құрайтынын, ал ұшқыштың максималды салмағы 113 келіден аспауы керектігін алға тартып отыр. Қауіпсіздік үшін Dragon баллистикалық парашютпен жабдықталған. Компания өкілдері мультикоптердің ультра жеңіл санатқа жататынын айтты. Бұл нені білдіреді? Яғни, онымен ұшу үшін ұшқыш лицензиясы қажет емес дегенді білдіреді.

0 пікір
Мұрағат