Орылған күрішті кептірудің жапонша тәсілі (видео)
Орылған күрішті кептірудің жапонша тәсілі (видео)
4 жыл бұрын 2690 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің Ното деп аталатын таулы өңірінде орылған күріш сабақтарын бас жағынан буып, күн көзіне төсеп, ағашқа іліп қояды. Орылған күріш осылайша кептіріледі. Жапондардың өздері мұны хадзахоси деп атайды. Бір кездері самурайлар елінде орылған күрішті бұлайшы кептіру қалыпты көрініс болатын. Қазір ғой күрішті машинамен кептіретіні. Күн қақтап, жел өтінде кептірілген күріш ылғалынан біртіндеп арылатындықтан дәмін жақсы сақтап қалады әрі шыт жарылып бүлінуден аман қалады. Ното өлкесі таулы қыратты болып келетіндіктен әрі күрішті машинамен жинауға қолайсыз болғандықтан көптеген шаруа қолмен тындырылады. Жұмысшы күші жетіспейді. Соған қарамастан өз еркімен ақысыз-пұлсыз көмек қолын созатындардың жәрдемімен дәстүрлі агро мәдениеті сақталып отыр.

0 пікір
Мұрағат