Жердің бір бөлігінде су толық таусылуға таяды
Жердің бір бөлігінде су толық таусылуға таяды
6 ай бұрын 1028 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cу – негізгі тіршілік көздерінің бірі. Су қорының көп бөлігі (шамамен 99%-ы) мұхиттар мен мұздақтарда сақталған. Осыған байланысты өсімдіктер әлемі мен өзге де организмдердің тұшшы суға қол жеткізу мүмкіндігі мейлінше шектеулі – жалпы тұшшы су қорының тек 1%-на ғана қол жеткізе алады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Aalert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары антропогендік факторларға байланысты климат дағдарысы тереңдеп, адамзат жаһандық жылынудан жаһандық қызу дәуіріне аяқ басты. Бұл контексте күллі тіршілік иесі қол жеткізуге мүмкіндігі бар тұшшы судың сол 1%-н ғаламдық тұрғыдан әділ бөлудің маңызы зор. 2001 жылдан 2020 жылға дейін жүргізілген Ашық университеттің зерттеу нәтижесіне сәйкес Оңтүстік жарты шарда Солтүстік жарты шармен салыстырғанда құрғақшылықтан қатты зардап шеккені байқалды. Бұл процесс мезгіл-мезгіл пайда болатын және қазіргі уақытта Тынық мұхитында қайталанатын Оңтүстік осцилляция (ағылш. El Niño/La Niña) —Тынық мұхитының экваториалды бөліміндегі беттік қабатындағы су температурасының тербелісі. Бұл құбылыстың климатқа елеулі әсері бар. Былайынша сөздермен айтқанда, Эль-Ниньо - Оңтүстік асцилляцияның мұхиттың жылынған беттік сулары шығыс жаққа қарай ауысу фазасы – Уикипедия электронды энциклопедиядан).  құбылысымен байланысты болуы мүмкін, бұл құбылыс өз кезегінде мұхиттың шығыс бөлігіндегі су температурасының көтерілуіне әкеледі. Бұл тараптағы зерттеу жердің жасанды серіктерінен алынған деректерге негізделген.  Бұдан бөлек, өзен сулары мен ағын суларды өлшеу мәліметімен толықтырылған. Судың бар-жоғы құрлыққа түсетін жауын-шашын мөлшері мен буланатын немесе жапырақтар арқылы өсімдіктер сіңіретін су мөлшері арасындағы айырмашылықпен анықталады. Оңтүстік жарты шар әлем құрлығының төрттен бір бөлігін ғана алып жатыр (Антарктиданы есептемегенде), алайда, Солтүстік жарты шарға қарағанда жаһандық суға қол жеткізу мүмкіндігіне  ықпалы жоғары. Компьютер моделі Оңтүстік Америкада, Африка құрлығының көп бөлігінде және Австралияның орталық және солтүстік-батысында суға қол жеткізу мүмкіндігінің айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Сонымен қатар, Оңтүстік Американың оңтүстігі сияқты кейбір аймақтарда сумен қамтамасыз ету көлемі артты. Солтүстік жарты шарда суға қол жеткізу мүмкіндігі салыстырмалы түрде жоғары болып қалады.

0 пікір
Мұрағат