Жануарлар мен құстарды зоодүкендерде саудаға шығаруға тыйым салады
Жануарлар мен құстарды зоодүкендерде саудаға шығаруға тыйым салады
3 жыл бұрын 2159 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жануарларды құс базарында және зоодүкенде сатуға тыйы салу көзделген заң жобасын қарастырады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасындағы бастамада жануарлардың сауда орындарына арнайы талаптар белгілеу, жануарларға қатал қарағандардың жауапкершілігін айқындау, т.б. түзету енгізу ұйғарылып отыр. Аталған заң жобасының авторы, мемдуманың экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің жетекшісі Владимир Бурматовтың айтуынша, бұл заң жобасының мұраты жануарларға деген қатынасты ізгілендіруге саяды. Сондай-ақ, ол бүгінде базар мен зоодүкендеріндегі жануарлар тар торда қамалатынын, лайықты деңгейде тамақтандырылмайтынын, серуенге шығарвлмайтынын, ветеринарлық көмек көрсетіле бермейтінін, т.б. тілге тиек етті. Бұрын Светлана Бессараб есімді мемдуманың депутаты теңіз жануарларын дельфинария мен өзге де мәдени шаралар үшін аулауға тыйым салу қарастырылған заң жобасын әзірлеген болатын.

Ұқсас материалдар:

«Жануарлар саудасының өзінен олардың қарасы 60%-ға азайып кеткен» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlar-saudasynyn-ozinen-olardyn-qarasy-60-ga-azaiyp-ketken-14838/#gsc.tab=0);

«Тағы бір елде жабайы жануарлар саудасына тыйым салынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-elde-jabaiy-januarlar-saudasyna-tyiym-salyndy-13902/#gsc.tab=0);

«Жабайы жануарларға қолдан жем беруге тыйым салынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jabaiy-januarlarga-qoldan-jem-beruge-tyiym-salyndy-14802/#gsc.tab=0);

«Мыңнан аса жабайы жануар бәссаудаға шығарылады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/mynnan-asa-jabaiy-januar-bassaudaga-shygarylady-12863/#gsc.tab=0);

«Циркте жануарларды пайдалануға тыйым салады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tsirkte-januarlardy-paidalanuga-tyiym-salady-4796/#gsc.tab=0);

«Тағы бір ел жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-el-januarlardyn-tsirkte-oner-korsetuine-tyiym-saldy-12305/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат