Gremlins бағдарламасы - ерекше жоба (видео)
Gremlins бағдарламасы - ерекше жоба (видео)
6 жыл бұрын 3398 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарасты перспективалық зерттеу жобалары басқармасы Gremlins бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Ары кеткенде 2030 жылға дейін. Аталмыш бағдарламада бірнеше рет қолдануға жарайтын ұшқышсыз аппараттарды (дрон) "үйірімен" әскери ұшақтан жіберіп, қайта жинап алатын технология қарастырылған. Дәлірегі, дрондар тасымалдаушы Lockheed C-130 Hercules ұшағынан әскери мақсатты орындау үшін жіберіледі. Миссия орындалғаннан кейін дрондарды қайта жинап алады. Мұндай дрондар электронды соғыс барысында қолданылады: барлаушы қызметін атқарады әрі бомба тастауда пайдаланылады. Popular Mechanics ақпарат көзінің келтірген дерегі мен таратқан хабарына қарағанда, перспектикалық зерттеу қорғаныс жобалары агенттігі (DARPA) тасымалдаушы ұшақтан дрондарды жіберу және қайта жинап алу технологиясын жасауы үшін General Atomics Aeronautical Systems (Predator ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жасаушы) компаниямен арнайы келісім-шартқа отырды. Жоба бойынша әр дрон 25 келіге дейінгі салмақтағы жүкті көтере алатындай болуы тиіс әрі шамамен 500 шақырым қашықтыққа дейін ұша алатынболуы керек. Мұндай дрондар кем дегенде жиырма рет пайдалануға жарамды болмақ. 

 

0 пікір
Мұрағат