Аптап ыстықта көшеде 5 минут ішінде денеңізді салқындататын құрылғы жасалды (видео)
Аптап ыстықта көшеде 5 минут ішінде денеңізді салқындататын құрылғы жасалды (видео)
4 жыл бұрын 2481 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаз мезгілінде адамдар аптап ыстықтан қорғану үшін көлеңкені саялап, күнқағар киіп жатады. Таяуда Жапонияда Sony компаниясы 5 минут ішінде денеңізді салқындататын Reon Pocket портативті құрылғысын жасап шығарды.  Sony компаниясының First Flight ішкі краудфандингтік платформасы ның Reon Pocket жобасының соңғы жылдары жаһандық жылынуға байланысты аптап ыстықтан баудай түсіп жатқандардың қарасын азайту мақсатында қолға алынғанын айта кету керек. Салмағы 86 грамнан аспайтын Reon Pocket құрылғысын мойныңыздың төменгі жағына орналастырасыз: тек денеңізді салқындатып қоймай, сонымен қатар, күн суытса жылынуыңызға да мүмкіндік береді. Қалта телефоныңызға аталмыш бағдарламаны жүктеп алуыңызға болады. Осы бағдарлама арқылы құрылғының қуатын температураны түсіру немесе көтеру үшін қолайыңызға қарай реттеп отырасыз.

0 пікір
Мұрағат