Адамның дене қызуын иіспен өлшеуге мүмкіндік беретін құрылғы жасалды (видео)
Адамның дене қызуын иіспен өлшеуге мүмкіндік беретін құрылғы жасалды (видео)
4 жыл бұрын 2172 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар температураны иістің көмегімен өлшеуге мүмкіндік беретін қосымша реали (VR) жүйесін жұртшылық назарына ұсынды. Дәлірегі, Чикаго университетінің ғалымдары организмнің ерекшелігін пайдалана отырып, VR-де түрлі температура «сезімін» генерациялау тәсілін ойлап тапты. Өзіндік ерекшелігі бар химиялық зат арқылы олар мұрындағы тригеминалды жүйкені (ми сүйегі жүйкесінің он екі жұбының бесіншісі. Ол көздің, қабақтың, шекенің, беттің, мұрын мен ауыз қуыстарының сезімталдығын қамтамасыз етеді) басқаруды меңгеріп алды. Аталмыш жүйке иіс арқылы ыстық пен суықты сезуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың түсіндіруінше, аталған жүйке миды беттің көптеген бөліктерімен байланыстырып, иіс пен температураны да қоса ескергенде көптеген сенсорлық ақпараттарды қамтиды. Кей иістер мен температура мынадай нәрселермен байланысты болуы мүмкін: мәселен, адамдар жалбыздың иісін иіскегенде суық пен салқындықты сезінеді. Өйткені, жалбыздың иісі ментолға да, 25°C-тан төмен температураға да жауап қататын TRPM8 рецепторын істеп шығарады. Ал капсаицин 42°C-тан жоғары температураға жауап қататын TRPV1 рецепторын істеп шығарады. Ғалымдар құрылғыны жасау барысында осыны негізге алған болатын: ғалымдар осылайша температура мен химиялық заттардың ассоциациясын бір мезгілде тудыратын иістермен жұмыс істеді. Ғалымдар бұл арада өздігінен иіс шығармаса да тригениалды жүйкеде TRPV1 рецепторын істеп шығара алатын таза капсаициннің ерекшелігін пайдаланған болатын. «Температура сезімі белгілі бір деңгейде адамның бетінде «шоғырланған» әрі адамның тынысына белгілі бір деңгейде «байланған»,- деп мәлімделі аталмыш зерттеуге атсалысқан Джас Брукс. VR-дегі иісті жеткізу жүйесінің салмағы 100 грамға жетпейді. Ол бар-жоғы 0,25 Вт энергияны ғана тұтынады. 1 мл сыйымдылықтағы үш флакон сұйықтық 6 сағат тоқтаусыз жұмыс істеуіне жетеді.

0 пікір
Мұрағат