Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалатын балалар арасында кедей отбасынан шыққан балалар қарасы көп – зерттеу
Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалатын балалар арасында кедей отбасынан шыққан балалар қарасы көп – зерттеу
2 жыл бұрын 1160 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік мәртебесі мен тұрмысы төмен отбасы балалары ауқатты құрдастарына қарағанда әлеуметтік желіге жіпсіз байланады. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық және канадалық ғалымдар әлемнің 43 елінен 11, 13 және 15 жастағы 180 мыңға тарта жасөспірімге зерттеу жүргізе келе осындай тұжырымға келіп отыр. Әлемжеліге тәуелділік деңгейі сауалнама арқылы анықталған. Ал зерттеуге тартылған балалардың отбасыларының әлеуметтік мәртебесі шетелге саяхаттау, үйінің аумағы, тағы басқа табыс көрсеткіштермен анықталған. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау көруі, туған-туысқандарының жәрдем көрсетуі және елдің әл-ауқаты секілді көрсеткіштер де ескерілген. «Біздің қорытындыларымыз жеке, мектептегі және ұлттық деңгейдегі әлеуметтік теңсіздіктің жасөспірімдердің әлеуметтік медианы пайдалану проблемаларына ықтимал зиянды әсерін көрсетеді», деп түсіндірді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен  Микела Лензи.

0 пікір
Мұрағат