Ұлыбританияда кеңінен тараған фамилиялар қандай?
Ұлыбританияда кеңінен тараған фамилиялар қандай?
10 жыл бұрын 3836

Жуырда Англияда және Норвегияда «Мұхаммед» есімінің көш бастағанын хабарлаған едік. Бұл жолы Ұлыбританияда кеңінен тараған фамилияның да мұсылмандарға тән есіммен аталатынын хабарлағанды жөн көрдік. Британдық дәрігерлердің арасында Хан, Ахмет және Әлі есімді фамилиялар рейтингтің басында тұр. Ұлыбританияда жұмыс істейтін 270 000 дәрігердің 35 мыңы медициналық білімді Үндістан мен Пәкістанда алған. Сондай-ақ, бұл елде аталған елдерден келіп жұмыс істеп жатқан мұсылман дәрігерлердің де қарасы көп. Ұлыбританиядағы дәрігерлердің арасында «Хан» есімді фамилияны иеленгендердің саны – 1477 адам. Ал екінші орынға Патель есімді фамилияны иеленген дәрігерлер табан тіреген – 1315 адам. «Смит» ағылшын фамилиясы үшінші орынды місе тұтқан – 1229 адам.  Алтыншы орында «Ахмет» есімді фамилия – 869 адам. Тоғызыншы орында «Әлі» есімді фамилия – 704 адам.

0 пікір
Мұрағат