|
Үйленер алдында ВИЧ-инфекцияны жұқтырмағаны туралы анықтама талап етіледі
|
Дағыстан парламенті некесіен тіркегісі келетін жас жұбайлардан ВИЧ-инфекцияны жұқтырмағаны туралы анықтаманы талап етуге мүмкіндік беретін тиісті заң жобасын қарастырып жатыр. Ел билігінің мұндай қадамға баруына қауіпті аурудың алдын-алу, яғни, таралуына жол бермеу себеп болып отыр. "Республика аумағында мұндай дертке шалдыққандар қарасы 200 адамға дейін жеткен. Әсіресе, 20-30 жас аралығындағылар арасында",- деді Дағыстан республикасындағы Ресей тұтынушылар қадағалау органының жетекшісі әрі аталмыш жоба авторы Элеонора Омариева. Оның айтуынша, ВИЧ-инфекциясын жұқтыратындар арасында неке қидырғандардың үлесі 90%-дан асады. Бұл жас жұбайлардың бірі үйленбей тұрып осы дертке шалдыққанын білдіреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
■
Араб елі келесі жылдан бастап импортталатын халал тауарларды бір шартпен қабылдамайды...
■
Халал сертификаттаудағы негізгі қиындықтар айтылды
■
Халықаралық геосаяси картинадағы араб әлемі – саяси шолу
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті