Тұтас мемлекетте ішімдікке тыйым салынатын болды
Тұтас мемлекетте ішімдікке тыйым салынатын болды
3 жыл бұрын 4491 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия билігі ел аумағында ішімдікті өндіруге, сатуға, тұтынуға, тасымалдауға сақтауға, т.б. тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Jakarta Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, аталған елдің үш бірдей партиясы осындай бастама көтерген көрінеді. Егер аталған бастама билік тарапынан ресми қолдау тапса, бұл тыйымды бұзғандар, дәлірегі, ішімдікті өндіріп, саудаға шығарғандар екі жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 70 мың долларға дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ал ішімдікті тұтынғандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 3 мың долларға дейін айыппұл арқалайды. Парламент депутаттарының айтуынша, бұл заң жобасы елдегі мұсылман тұрғындарды ішімдік ішу салдарынан болатын қылмыстардан қорғауға бағытталған. Аталмыш эаң жобасы 2020 жылы қарастырылатын ұлттық заңнама бағдарламасына енгізілді. Осы тұста мұндай бастама 2015 жылы көтеріліп, туризм секторындағы бизнес пен ішімдік өнеркәсібінің өкілдеріның наразылығымен аяқсыз қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат