Ислами экономикасы бойынша көш бастаған ел
Ислами экономикасы бойынша көш бастаған ел
4 жыл бұрын 2943 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзия ислами экономикасы дамыған ел ретінде аталды 2019 жылдың қорытындысы бойынша. Дубайдағы ислами экономиканы дамыту орталығының (DIEDC) әзірлеген баяндамада осындай дерек келтіріліпті. Аталмыш баяндама мәтіні қараша айының 16-ы күні DIEDC сайтында жарияланған. Бұл жайында islam.kz порталы DIEDC сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. DIEDC мұндай баяндаманы 2013 жылдан бері жыл сайын үзбей жариялап келеді. Онда әлемдегі ислами экономиканың жай-күйі, соның ішінде шариғат талаптарына сай әзірленген тағам мен сусын өнімдері, ислами қаржы және өмір сүру дағдысы туралы ақпараттар қамтылған. Биыл баяндамада әлемнің 81 елі қамтылған. Жаңа қатысушы мемлекеттер, атап айтқанда, Нигерия, Шри-Ланка және Сингапур алдыңғы орыннан көрінген, дәлірегі, тізім басында тұрған 15 елдің қатарынан көрінген екен. Алғашқы бестік құрамында: Малайзия, Саудия, Біріккен Араб Әмірлігі, Индонезия, Иордания. Сондай-ақ, бұл баяндамада өткен жылы мұсылмандардың шариғат талаптарына сай тағамдарға, киім-кешекке, отбасы саяхатына, ойын-сауыққа, дәрі-дәрмекке, бұқаралық ақпарат құралдарына 2,02 трлн доллар жұмсағаны айтылған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға артқан. Алайда, биылғы пандемияның кесірінен бұл көрсеткіш шамамен 8%-ға кемуі мүмкін. Ислами экономикаға қатысты компанияларға құйылған инвестиция деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда өткен жылы 13%-ға құлдыраған. Яғни, өткен жылғы ислами экономикаға салынған инвестиция мөлшері 11,8 млрд доллардан аспаған. Бұл қаражаттың 52%-дан астамы шариғат талаптарына сай дайындалатын тағам мен сусын түрлерін өндіретін компанияларға тиесілі, ал ислами қаржы (41,8%)  мен өмір сүру дағдысы (4%) құраған екен. Малайзия ислами қаржы саласы болсын, отбасы туризмі секторында да, шариғат талаптарына сай тағам мен сусын түрлері бойынша да, тіпті, халал дәрі-дәрмек пен опа-далап саласында да, қысқасы, барлық салада бірінші орыннан көрініп отыр.

0 пікір
Мұрағат