|
Түскі асқа алынған жұмыртқаның ішінен балапан шықты
|
Британиялық студент Шарлотт Суинидің сатып алған жұмыртқасының ішінен шалажансар балапан шыққан. Бұл жайында nur.kz сайты 24 kz арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Ол жүрек жалғау үшін тамақ әзірлемек болып, бір қорап жұмыртқа сатып алады. Дәмді түскі ас жеуден дәмелі болған бойжеткен асүйде оларды табада қуыру үшін жара бастайды. Бірақ, сол мезетте қыз шошып кетіп, артқа қарай ыршиды. Ыдыста жатқанның шалажансар балапан екендігіне сенер-сенбесін білмеген Шарлоттың тәбеті бірден қашқан. Артынша ол жұмыртқаны сатқан дүкенге қоңырау шалып, болған жағдайды айтады. Ал оған жауап берген сауда орнының өкілі бар болғаны "тұтынушылар сервисіне хабарласыңыз немесе жұмыртқаларды дүкенге қайтарыңыз", - деп жауап беріпті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды