Түркияның экспорттық әлеуеті артып келеді
Түркияның экспорттық әлеуеті артып келеді
3 жыл бұрын 2310 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия экономикасы дегенде алдымен туризм саласы еске оралады. Алайда, Түркия экономикасы әртараптандырылған, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жоғары көрсеткішке ие. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Бір ғана кептірілген інжір экспортынан өткен жылы 237 млн доллар пайда тауыпты. Anadolu ақпарат агенттігінің Егей аймағының экспорттаушылар одағының (EİB) мәліметіне сілтеме сілтеме жасай отырып, таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, 2019 жылы аталған елден 64 708 тонна кептірілген інір экспортталса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 68 260 тоннаға жеткен. Яғни, кептірілген інжір экспортынан 2019 жылы 235,9 млн доллар пайда көрсе, бұл көрсеткіш 2020 жылы 237 млн долларды құраған. Түріктің кептірілген інжірін ең көп импорттаған ел – АҚШ (35,2 млн доллар), одан кейінгі орында Франция тұр - 34,6 млн және Германия – 34,2 млн доллар. Ал Түркия аумағында өсетін апельсиннің де экспорты ылдан жылға өсіп келе жатқанын айта кету керек: 2020 жылы оның алдындағы жылмен (2019 ж.) салыстырғанда 41 пайызға артқан, яғни, өткен жылы апельсин экспортынан 129 млн доллар пайда көрген екен. Мәселен, 2019 жылы Түркия шетелге шығарған апельсиннен 91 млн 392 мың доллар табыс тапқан. 2020 жылы Түркия әлемнің 60 еліне апелсин экспорттаған екен. Мәселен, өткен жылы Түркия апельсинін ең көп тұтынған ел – Ресей Федерациясы (63 млн 482 мың доллар).  Бұл тізімнің алғашқы үштігіне Ирак (19 млн 111 мың доллар) және Украина (15 млн 314 мың доллар) кірген. Егей аймағының жеміс-жидек пен көкөністі экспорттаушылар қауымдастығының жетекшісі Қайреттин Үшактың айтуынша, өткен жылы цитрусты жемістер экспортынан 933 млн доллар пайда көрген (оның 347 млн доллары – мандарин еншісінде).

0 пікір
Мұрағат