Желдің ғаламдық атласы жасалды
Желдің ғаламдық атласы жасалды
3 жыл бұрын 2410 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Корнел университетінің ғалымдары желдің жаһандық атласын жасады. Бұл атлас өз кезегінде экологиялық энергетиканы тиімді өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы жел энергетикасының қосымшасы үшін желдің төтенше жылдамдығын ғаламдық бағалау» деп аталатын зерттеу материалы жарияланған Nature Energy мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде бұл цифрлы жинақ түріндегі құжат десе де болады, онда әлемнің әр түкпіріндегі желдің қаншалықты жылдамдықпен соғатыны туралы мәліметтер қамтылған. Осы деректерге қарап отырып, инженерлер энергетиканы мейлінше тиімді өндіруге мүмкіндік беретін орын мен аймақты анықтай алады. Цифрлы болғаннан кейін бұл құжатты барлығы пайдалана алады. Жел энергетикасы бойынша географиялық әрі экономикалық жағынан тиімді жобаларды осы атлас арқылы сызуға болады. Бүгінгі таңда жел турбиндері әлемнің 90-нан аса елінде көміртексіз электр энергиясын өндіруде. Сондай-ақ, аталмыш атлас тек эел энергетикасы үшін ғана емес, сонымен қатар, азаматтық, әскери, т.б. мақсатта пайдаланылатын инфрақұрылымдық нысандарды тұрғызатын жерлерді таңдауда да өз септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат