Түркияда «мидың жылыстауына» тосқауыл қою талпынысы өз нәтижесін бере бастады
Түркияда «мидың жылыстауына» тосқауыл қою талпынысы өз нәтижесін бере бастады
3 жыл бұрын 1858 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің флагманы атанған ASELSAN компаниясы соңғы екі жыл мұғдарында елге 50 білікті маманды қайтара алған. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қадам 2006 жылдан бері «мидың жылыстауына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынған «Back to Turkey» бағдарламасы аясында мүмкін болып отыр. Аталмыш бағдарлама 2020 жылы «Next Big Move to Türkiye» деп атауын өзгертті. Елге оралған білікті мамандар аса маңызды стартегиялық салалар бойынша елдің болашағына даңғыл жол ашатын жобаларға қатысып, өздерінің жинаған тәжірибелерін пайдалануда. Осы тұста «мидың жылыстауы» тіркесіне аз-кем тоқтала кетпекпіз: төркіні ағылшындардың «brain drain» тіркесінен алынған, қандай да бір саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни немесе өзге себептер бойынша елден білікті мамандардың кетуіне байланысты қолданылады. Адам капиталының ішіндегі ең құндысы да – білікті мамандар. Оларсыз елдің қорғаныс, саяси, экономикалық жетістіктерге жетуі мүмкін емес. ASELSAN компаниясына орналасқан түріктің білікті мамандарына барлық жағдай жасалған. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен иглігі үшін еңбек етіп жатыр.

Бауыран Серікбаевтың Фейсбук әлекметтік желісіндегі парақшасынан:

Түркияда 2010 жылдардан бастау алған әскери ұшақ өндіру туралы бір мемлекеттік жоба бар. Ұшақ болғанда да жасанды интеллекттің соңғы жетістіктері қолданылатын 5 нәсіл ұшағын өндіру. Бұл типтегі ұшақты АҚШ өндіруге күш салуда. F35 ұшақтары соның бір баспалдағы ғана. Ресей мен Қытайдың өз жобалары бар. Франция мен Германия 2040 жылдары бірлесіп осы тектес ұшақ шығаруды жоспарлап отыр.

Түркия 2023 жылы алғаш рет ангардан шығарып, жетілдіріп, тесттен өткізіп, 2025 жылы ұшыруды жоспарлап отыр. Ұшақ одан әрмен тесттен өтіп, мамандар кемшіліктерін толықтырып, түрік қарулы күштеріне 2030 жылдары тапсыруды мақсат тұтуда.

Бұл жобаға қатысты қызық деректер:

1. Жобаның құны шамамен 15-20 млрд доллар.

2. Бір ұшақтың бағасы 140-150 миллион доллар болмақ.

3. Ұшақ 2030 жылдары қарулы күштерге тапсырылғаннан кейін 2070 жылға дейін өндірілетін болады. 40 жыл өндірістен түспейді.

4. Жоба аясында 3 мың түрік инжинерлері жұмыс істейді. Бір ұшақты құрастырып, өндіріске шығару үшін 3 мың технократ жұмыла іске кіріседі.

5. Осы жоба аясында Түркия ЖОО-дағы талантты технократ жастарды мемлекет қамқорлығына алып, ұшақ өндіру ісіне тарта бастаған.

6. Мемлекет шетелде түрлі салада еңбек етіп жатқан білікті түрік инжинерлерін аталған жобаға тарту үшін жағдайларын жасап, Түркияға жұмысқа шақыруды қолға алған.

7. Жоба аясында 3 құрылым негізгі жұмыстарды өзара бөліп алған. Олар: "TUSAS" ұшақты жобалау, истрибительдің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша еңбек етеді. "TEI" ұшақтың моторын жасаумен шұғылданады. "TAI" ұшақ корпусы мен өзге де детальдарды құрастыруға ат салысады.

8. Беспилотник Bayraktarдың радарларын шығарып келген "Aselsan" компаниясы арнайы осы ұшаққа арналған радарлар шығаруға кіріседі.

9. Ұшақ 18600 метр биіктікке дейін көтеріле алатын, жасанды интеллектпен жабдықталған, заманауи ұшақтардың бірі ретінде АҚШ үкіметі Түркияға сатпай қойған F35 ұшақтарына альтернатива болмақ.

P.S. Жалпы АҚШ пен Израиль беспилотниктер сатпаса Байрактар шығаратын, F35 ұшағын сатпаса өзінің 5 нәсіл ұшағын шығаруға ұмтылатын не деген қайтпайтын саясаткер деймін Ердоғанды. 2010 жылға дейін тыныш жүретін. Әбден күшейіп, өзіне-өзі келгеннен кейін ешкімге бой бермей Түркияны бір жерге бастап барады.

Еліндегі кедергі келтіріп, балаққа жабысқанның бәрін "Сендер үкіметте болған 80 жылда не істедіңдер? Билікте аз отырмадыңдар ғой" деп тас-талқан етті. Бірақ результат бар. Ал саясатта ең бастысы результат. Мұндай технологиялық результатқа Түркия ешқашан жетпеген. Ешбір президенттің, ПМ-нің мұндай амбициозный жобаларды қолға алып, нақты нәтижеге жетуі тарихта қолынан келмеген. Ал Ердоған іске асырып келеді. Осы жетістігі де оны өзіне дейін 80 жыл мемлекетті басқарған өзге саясаткерлерден, анау да мынау партиялардан ерекшелейді. 

0 пікір
Мұрағат