|
Түркия өзге елдерде үш млн адамды ауыз сумен қамтамасыз етті
|
Түркияның адам құқығы мен бостандығын қорғау және гуманитарлық жәрдем қоры (İHH) әлемнің әр түкпірінде үш млн-ға тарта адамды ауыз сумен қамтамасыз етті. İHH бұл көрсеткішпен шектеліп қалмайды, әрине: бүгінгі таңда аталған қор ауыз судан таршылық көріп отырған аймақтарда бұрғылау жұмыстарын жалғастыруда. "2018 жылы İHH Африка мен Азия құрлықтарында су бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Өткен жылы жалпы алғанда әлемнің 21 елінде 807 бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, 332800 адамды ауыз сумен қамтамасыз етті. Түрік қоры 2000 жылдан бері 36 елде 7422 су бұрғылау жұмыстарын жүргізген. Осының арқасында 2,969 миллион адамды ауыз сумен қамтамасыз еткен болатын",- деп айтылған аталмыш қор хабарында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
■
Араб елі келесі жылдан бастап импортталатын халал тауарларды бір шартпен қабылдамайды...
■
Халал сертификаттаудағы негізгі қиындықтар айтылды
■
Халықаралық геосаяси картинадағы араб әлемі – саяси шолу
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті