Түрік қарулы күштерінің сапындағы тактикалық тимді қару түрлерінің бірі (видео)
Түрік қарулы күштерінің сапындағы тактикалық тимді қару түрлерінің бірі (видео)
11 ай бұрын 888 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осыдан үш жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған (қараңыз: «Түрік әскерилері аз күнде пулеметпен қаруланған дронға ие болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/turik-askerileri-az-kunde-pulemetpen-qarulangan-dronga-ie-bolady-video-12864/#gsc.tab=0) материалымызда Songar әскери мақсатқа арналған дрон туралы аз-кем мәлімет беріп кеткенбіз. Анкара қаласында орын тепкен Asisguard  компаниясы құрастырған тиімді әрі осы заманғы озық технологиямен жабдықталған соққы беруші дрон 2020 жылы түрік қарулы күштерінің пайдалануына табыс етілді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2,8 шақырым биіктікке дейін көтеріле алатын әрі 16 шақырым қашықтыққа дейін ұша алатын аталмыш қару әскери колоннаның жолын қадағалап, алдыдағы жау тосқауылы мен тұзағын барлауға арналған. Салмағы 25 келі тартады. Оқшантайының сыйымдылығы 200 оққа шақталған. Дрон жалғыз оқ шығарып та немесе 15 ретке дейін кезекпен оқ шығаруға да қабілетті. Дрон көлемі 15х15 сантиметрдегі нысанды 200 метр қашықтықтан көздеп ата алады. Адамды жою үшін осы қашықтықтың өзі жеткілікті. Десе де мамандар дронның атып түсіру қашықтығын 400 метрге дейін жеткізуге болатынын әрі дронды одан ары жетілдіретінін жеткізді. Songar дронының тағы бір артықшылығы – түнгі қараңғылықта атып түсіруге мүмкіндік беретін құралмен жабдықталған. Дронның қозғалу радиусы 10 шақырымға жетеді. Қашықтықтан, қолдан басқарылады. Аталмыш қорғаныс компаниясының басшылығының айтуынша, бұл қарудың түрлі конфигурациялары бойынша біршама жұмыс жүргізілген. Мысалы, Aktaş Silah компаниясының көмегімен  ұшқышсыз ұшатын аппаратқа 40 мм граната атқыш сәтті біріктірілген және Troy Teknoloji компаниясымен өзара әрекеттесу арқасында квадрокоптер 6 зымыранға арналған ұшыру жүйесін және түтіндететін бомба тастау жүйесі де кіріктірілген. Сонымен қатар, TÜBİTAK SAGE мамандарымен бірге 81 мм Togan шағын бомбасы UAV-ға сәтті біріктірілген.

 

0 пікір
Мұрағат