Түнек басқан өткен шағына оралуда...
Түнек басқан өткен шағына оралуда...
3 жыл бұрын 2320 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ресейде еңбек мигранттарының орнына зэктер басады... Ресей экономикасы санкциядан  бір тұраласа, жұқпалы індетке байланысты шекараның жабылуынан, шектеу шараларынан тағы зардап шегіп отыр. Демографиясы пандемия болмай тұрып кері кеткен ел жұмысшы күшінің тапшылығын Орта Азияның еңбек мигранттары есебінен болдырмай келген еді осы уақытқа дейін. Алайда, тәжді тажалға байланысты Орта Азиядан келетін еңбек мигранттарының қатары селдіреп қалды. Осыған байланысты ресейдің  федералды жазаны орындау қызметі еңбек мигранттарын тұтқындармен алмастыруды ұсынып отыр. Дәлірегі, аталған ведомства жетекшісі Александр Калашников бұл бастаманың кезінде репрессиялық саясат пен тоталитарлық режимнің құрбаны болғандардың еңбегін қанаумен бірдей тәжірибемен еш қатысы жоғын алға тартып ақталғанымен бәрібір бұл ескінің сарқаншағы балақтан тартып, Ресей қоғамын қара бұлт боп үйірілген өткен шаққа оралтуда. Әлбетте, ФСИН (Федеральная служба исполнения наказаний) директорының бұл бастамасы билік пен қоғам тарапынан қолдау тапса, Ресейдегі тұрмеде жазасын өтеп атқан зэктер 190 мың жұмысшы күшін алмастыратын болады. Александр Калашниковтың айтуынша, бұл бастама өз кезегінде екі бірдей міндетті шешуге мүмкін бермек, яғни, бір оқпен екі қоян атып алуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Біріншісі – жұмысшы күшінің тапшылығын жояды, екіншіден – тұтқындардың әлеуметтік өмірге араласып, қоғамда өз орнын табуына көмектеседі. ФСИН директоры бұл бастаманы РФ президенті Владимир Путиннің елдегі стратегиялық жобаларды жүзеге асыру үшін еңбек мигранттарына мүдделі екенін мәлімдегеннен кейін көтерілді. Стратегиялық жобалар демекші, кезінде халықтар түрмесі атанған КСРО тұсында да Транссібір магистралі, Беломор-Балтық каналы, қазақ жерінде тың игеру, т.б. стратегиялық жобаларға тұтқындардың тартылғаны белгілі, дәлірегі, тұтқындарды жегу арқылы КСРО империясының іргесін шегендеді. Есесені, миллиондаған «халық жауы» атанған саяси тұтқындар қынадай қырылды. Аштықтан, аурудан, зорығудан, күйзеліс пен азаптан. Перғауындар кезіндегі, Рим дәуіріндегі құлдықтың ең сұрқай көрінісі ХХІ ғасырда да қылаң беріп отыр – тарихтан сабақ алмаса, тарих қайталанады да отырады. Тек жапырып істеп тастайтын қара күшке сүйенген мұжықтық болмыс жүйелі дамуды мойындай бермейді. Ең қорқыныштысы – осы!

P.S. Біздің айтқымыз келгені, Ресей билігінің тұтқындар еңбегін пайдалануы емес, осындай тәжірибеден бас тарта алмауы, әлеуметтік-экономикалық иірім-жылымнан шыға алмауы... Ресей қоғамының өркениетті қадамнан алыс қалғаны! 

0 пікір
Мұрағат