Терактіден адам шығыны көп ел қан доноры бойынша ұлттық қорын құруға мәжбүр
Терактіден адам шығыны көп ел қан доноры бойынша ұлттық қорын құруға мәжбүр
5 жыл бұрын 2640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы Сомали түрлі қарулы қақтығыстардан, қарақшылардың қаскөйлігінен, содырлардың сотқарлығынан, әлеуметтік катаклизмдерден және табиғи апаттардан, құрғақшылықтан, аштықтан, т.б. келеңсіздіктерден көз ашпаған соры қалың ел. Аталған ел терактіден жиі зардап шегіп жатады. Күллі әлемде қызметіне қатаң тыйым салынған «Аш-шабаб» лаңкестік ұйымы да осы елде. Сомали терактіден жараланып жататын ел тұрғындарына дер кезінде көмек көрсете алмаудан қансырап өлетін адам қарасы көп ел. Осыған байланысты аталған ел билігі қан доноры бойынша ұлттық қор құруға бел байлап отыр. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл бастама елдегі ең ірі терактінің екі жылдығына байланысты көтеріліп отыр. 2017 жылдың қазан айының 14-і күні ел астанасы – Могадишо қаласында 600-ге тарта адамның өмірін жалмаған ең ірі жарылысты біз жоғарыда сөз еткен «Аш-Шабаш» лаңкестік ұйымы ұйымдастырған болатын. Алайда, бұл терактіні аталған лаңкестік ұйым әлі күнге мойнына алған емес.

0 пікір
Мұрағат