Көрші ел бізден көш ілгері: ислами құнды қағаз айналымға шығарылады
Көрші ел бізден көш ілгері: ислами құнды қағаз айналымға шығарылады
5 жыл бұрын 2328 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан билігі келесі жылдың орта шенінде «сукук» ислами облигациясын шығаратын болды. Бұл жайында капитал нарығын дамыту жөніндегі агенттік директоры Атабек Нәзіров мәлім етті. Баспасөз мәслихатында. Бұл туралы Sputnik ақпарат көзі хабар таратты. Оның айтуынша, ел билігін мұндай қадамға аталмыш республикада банктен несие алмай, шариғат талаптарынан аттамай өмір сүретін кәсіпкерлердің көптігі итермелеген. «Сукук» олардың кәсібін қаржыландырудың баламалы түрі болмақ. Бұл істе өзбектерге Азия даму банкі көмектеседі. Дәлірегі, заңнамаға қандай өзгертулер енгізу керектігін көрсетіп бермек. Елде ислами құнды қағаздар нарығының дамуына жағдай жасау үшін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы аталмыш елдің қаржы министрлігі Өзбекстанда ислами банкинг инфрақұрылымын құру туралы президент қаулысының жобасын дайындаған болатын. Өзбекстандағы ислами қаржы мекемесінің қызметі экспорт пен импортты қаржыландырудан бастап, тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, лизинг бойынша қызмет көрсету, сақтандыру, т.б. салаларын қамтуы тиіс болатын.

0 пікір
Мұрағат