|
Терактден 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланды
|
Кеше, яғни, қаңтар айының 14-і күні Нигерияның солтүстік-шығысында орын тепкен Гомба штатына қарасты Тасомача қаласындағы мешітте орын алған терактіден екі адам қаза тауып, 14 адам түрлі деңгейде жарылыстан жарақат алды. Бұл жайында Nigeria Pulse ақпарат көзі хабар таратты. Жанкешті лаңкес мешіттің ішіне кіріп үлгермей жатып, жарылғандықтан бұл терактіден көп адам зардап шеккен жоқ. Теракті жамағат ақшам намазын оқып болғаннан кейін орын алған болатын. Бұл терактіні әзірге ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Алайда, жергілікті тұрғындар мен сарапшылардың сөзіне қарағанда, бұл жарылысты «Боко Харам» экстермистік тобы ұйымдастырған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды