Таяу Шығыстағы көз банкіне ие бір ғана елде жылына көздің мүйізгек қабығын қондыру бойынша 6 мың оты жасалады
Таяу Шығыстағы көз банкіне ие бір ғана елде жылына көздің мүйізгек қабығын қондыру бойынша 6 мың оты жасалады
3 жыл бұрын 2329 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыс аймағы бойынша көз банкісі тек бір елде ғана бар. Ол – Иран. Парсылар елінде жылына көздің мүйізгек қабығын немесе қасаң қабығын (шынайна) орнатудан 6 мың шамасында ота жасалады. Бұл жайында islam.kz порталы шиғалар елінің медицина университетінің оқытушысы Шаһида Беһештиге сілтеме жасаған irna.ir ақпарат көзінің хабары негізінде мәлім етеді. Осылай деген ол Таяу Шығыстағы Ираннан өзге елдердің көздің мүйізгек қабығын еуропалық елдерден импорттайтынын жеткізді. Көз банкі Иранның Теһран, Мешһед және Шриаз қалаларында бар. Үндістанда да мұндай банктердің бірнешеуі жұмыс істеп жатыр. Аймақ бойынша Иран көздің мүйізгек қабығын орнатудан көш бастап тұр. Ол сөзінің соңында көздің мүйізгек қабығын 2-14 градус аралығында 14 күн бойы сақтауға мүмкіндік беретін ерітінді де Иранда өндірілетінін көлденең тартты.

0 пікір
Мұрағат