Тәжді тажалдан өлгендерге қарағанда суицидтен өлгендер қарасы көп ел аталды
Тәжді тажалдан өлгендерге қарағанда суицидтен өлгендер қарасы көп ел аталды
3 жыл бұрын 3565 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияда жұқпалы індет жайлаған кезден бері тәжді тажалдан бақилық болғандар саны өз-өзіне қол жұмсап өлгендер санынан асқан жоқ. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суицид көрсеткіші бойынша әлемде көш бастаған күншығыс елінде жұқпалы індет жайлаған кезден бері 2087 адам COVID-19-дан көз жұмса, тек бір айдың өзінде, дәлірегі, қазан айында ғана 2153 адам өз-өзіне қол жұмсап мерт болған. Уәседа университетінің доценті Митико Уеда, тіпті, елде әлемнің өзге елдеріндегіндей психологиялық тұрғыдан қиын тиетін, суицидке итермелеуі мүмкін карантин режимі енгізілмесе де осындай қайғылы оқиғалардың көбейіп кеткенін алға тартып отыр. Мәселен, қыркүйек айындағы суицид көрсеткіші 1828 болған. 2020 жылдың қаңтар айында 40 жыл ішінде суицид аздығы бойынша рекорд орната алған еді. 2019 жылы өз-өзіне қол жұмсап өлгендер қарасы 19959-ге жеткен. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 4 пайызға кем. Яғни, бұл көрсеткіш 1981 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш болған – 1981 жылы өз-өзіне қол жұмсап өлгендер қарасы 20434-ті құраған еді.

0 пікір
Мұрағат