Таяу Шығыс елінің басшысы азаматтардың 39 млн доллар қарызын кешірді
Таяу Шығыс елінің басшысы азаматтардың 39 млн доллар қарызын кешірді
18 күн бұрын 634 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің мерзімі өткен қарыздарды реттеу жөніндегі қоры 222 азаматттың қарызын кешірді, дәлірегі, 222 азаматты жалпы сомасы 139,8 млн дирхамды (39 млн доллар) төлеу міндетінен босатты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Emirates News Agency агенттігіне жөн сілтеген businessemirates.ae ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бастама БАӘ президенті, ұлы мәртебелі шейх Мұхаммед бен әл Зайыттың пәрменімен орындалды. Бірінші кезекті әлеуметтік осал топқа жататындардың, соның ішінде зейнеткерлер мен  әлеуметтік жердемақы алатындардың қарызы кешірілген. Аталмыш бағдарлама қаржыға мұқтаж жандардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аталған қор 132 зейнеткердің 86,4 млн дирхамын және тұрмысы төмен 90 азаматтың 53,4 млн дирхам қарызын өтеп берді. Бұл шара мемлекеттің даму мақсатына сәйкес келеді.

0 пікір
Мұрағат