Араб елінде жылына 1 млн автокөлік құрастырылатын болады. Соның ішінде электрлі автокөлік те бар
|

Марокконың сауда және өнеркәсіп министрі Риад Меззур осы жылдың аяғына дейін елдегі автокөлік өндірісінің жылдық қуаты қазіргі 700 мыңнан 1 млн данаға дейін артатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы HESPRESS English - Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта аталған араб елінде жылына 70 мың электрмен жүретін автокөлік, 120 мың гибридті автокөлік құрастырылады. 2025 жыл соңғына дейін электрлі автокөлік санын 107 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр. Яғни, электрлк көлік өндірісінің қуатын 53%-ға арттырмақ. Бұдан бөлек, Марокко электрлі автокөлікке арналған аккумулятор экспорттайды және келесі жылдан бастап аккумулятор элементтерін өндіруге кіріседі. Марокко көп ұзамай жергілікті интеграциясы 70% деңгеймен электрлі көлік өндірісінің толық интеграцияланған тізбегінің әлемдегі жетекші жабдықтаушы елге айналады. Марокконың электрлі көлігін негізінен Еуропалық одаққа мүше елдер импорттайды. Негізінде Марокко автокөліктерін әлемнің шамамен 70 еліне экспорттайды, алдағы уақытта 100 елге жеткізуді көздеп отыр.




