Тәліптер шетелдік туркомпаниямен келісім-шартқа отырды
Тәліптер шетелдік туркомпаниямен келісім-шартқа отырды
2 жыл бұрын 1084 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Pinterest

Ауғанстанның билік тізгінін ұстаған тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым деп танылған. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) өкілдерінен жасақталған уақытша үкімет шетелдік туристік агенттікпен келісім-шартқа отырды. Бұл жайында islam.kz порталы ауғандардың Bakhtar жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш келісім-шарт өз кезегінде шетелдіктер үшін аң аулау ережелерін реттейді, сондай-ақ, саяхатшыларға арналған емхана құрылысын қаржыландыруды міндеттейді. Дәлірегі, келісімшартта королдік құстарды атуға рұқсаты бар аңшыларға арналған ережелер қамтылады. Бұдан бөлек, шетелдіктер демалыс орындарында  қайырымдылықпен айналысуына мүмкіндік қарастырылған, яғни, аурухана мен мектеп құрылысына жәрдем бере алады, мұқтаждарға ақшалай және азық-түлікпен көмектеседі. Аталған міндеттемелер орындалмаған жағдайда туристер заңvty жауапкершілікке тартылады. Осы орайда жыл басынан бері Ауғанстанның туристік саласы 42 млн доллар табыс тапқанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат