Тәліптер қай елдерде өз елшіліктерін ашады
Тәліптер қай елдерде өз елшіліктерін ашады
3 жыл бұрын 2009 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәліптер радикалды қозғалысының Ауғанстандағы билігін ресми мойындаған мемлекеттерде ғана Ауғанстанның елшілігі ашылады. Ауғанстанның уақытша үкіметінің мәдениет әне ақпарат министрінің орынбасары Зәбиулла Мұжаһид геосаяси маңызы бар осындай мәлімдеме жасады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптер билігін ресми мойындаудың геосаяси маңызы бар дейтініміз – бұл ең алдымен стратегиялық шешім болып табылады. Ауғанстан Азиядағы ықпал ету аймағы бойынша Ауғанстанмен шекаралас елдермен шектесетін Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ресей секілді ықпалды державалардың қақ ортасынан ойып тұрып орын тепкен мемлекет. Сауда-экономикалық дәліз ретінде де Ауғанстанның транзиттік әлеуеті жоғары. Бұған көне тарихтан белгілі Жібек жолының бойында жатуы да Ауғанстанның жаһандық аренадағы бәсін арттырады. Екіншіден, Ауғастан ең бастысы тұрақсыздық аймағы болғандықтан ондағы саяси тұрақтылығына ең алдымен осы державалар мүдделі. Бүгінде гибридтік сипат алған қақтығыстар кезінде ұзақ мерзімді экономикалық мүддені алға шығаратын жұмсақ күш саясатына басымдық беретін Қытай ең алдымен мүдделі екенін айта кетпекпіз. Бұған бірнеше себеп бар, солардың ішіндегі ең маңыздысы – Шыңжаңдағы ұйғыр мәселесінің ауған факторымен ушығуынан сескенеді. Сондай-ақ, «Бір белдеу – бір жол» жобасының тоқырап қалмауына мүдделі. Еуропалық одақ та Ауғанстанда адам құқығына, соның ішінде әйелдердің білім алуына, еркіндігіне қол сұқпау, Сирия мен Шам жерінде ойран салған содырлармен, «әл-Каида» лаңкестерімен «ауыз жаласпау» шартымен тәліптер билігін мойындауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ал АҚШ-қа келсек, тәліптерге қатысты өзге елдерге қарағанда қатаң позиция ұстанатын болады. Ұлыбритания тәліптер билігінің ресми мойындауға әлі ерте екенін, яғни, тәліптердің қандай шешім қабылдайтына қарау керектігін алға тартып отыр. Тәліптер билігін ресми мойындау әлем елдеріне абыроай әпермейтін тірлік: террористерге дем бергенмен бірдей әрекет. Терроризм қаупін арттыратын қадам. Тәліптер де Ауғанстанның әлемнен оқшаулануға мүдделі емес. Бұл ең алдымен тәліптер билігінің өзіне қауіпті.

Ұқсас материалдар:

«Ауған факторы: тәліптердің арынын қалай тежеуге болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-talipterdin-arynyn-qalai-tejeuge-bolady-15591/#gsc.tab=0);

«Ауғанстанның этникалық картасы немесе ұлттық құрамы» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstannyn-etnikalyq-kartasy-nemese-ulttyq-quramy-15624/#gsc.tab=0);

«Сарапшы: Тәліптердің даңқты жеңісі – Қытайдың жаһандық өрлеуінің маңызды кезеңіне аяқ басқанын білдіреді» (https://islam.kz/kk/news/alem/sarapshy-talipterdin-danqty-jenisi-qytaidyn-jahandyq-orleuinin-manyzdy-kezenine-ayaq-basqanyn-bildiredi-15731/#gsc.tab=0);

«Тәліптердің жеңіске жетуінің тағы сыры айтылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipterdin-jeniske-jetuinin-tagy-syry-aityldy-15705/#gsc.tab=0);

«Ғалым тәліптер мен әл-Каиданың басты айырмашылығы неде екенін айтты» (https://islam.kz/kk/news/alem/galym-talipter-men-al-kaidanyn-basty-aiyrmashylygy-nede-ekenin-aitty-15696/#gsc.tab=0);

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0; https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі де тәліптермен ырымыраға келуді ойластырып отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-de-taliptermen-yrymyraga-keludi-oilastyryp-otyr-15478/#gsc.tab=0);

«Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-biligin-aldymen-resei-resmi-moiyndauy-mumkin-15477/#gsc.tab=0);

«Тәліптер келіп еді, паранджаның бағасы шарықтап кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-kelip-edi-parandjanyn-bagasy-sharyqtap-ketti-15629/#gsc.tab=0);

"Ауған факторы: геосаяси ойын тәртібі өзгеріп келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-faktory-geosayasi-oiyn-tartibi-ozgerip-keledi-15407/#gsc.tab=0);

«Ауғанстаннан НАТО әскерлері шығарыла бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstannan-nato-askerleri-shygaryla-bastady-15102/#gsc.tab=0);

«АҚШ-тың тәліптерге "күні қарап" қалды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-tyn-talipterge-kuni-qarap-qaldy-10566/#gsc.tab=0);

«Тәліптердің күші неде немесе тәліптер билік басына келгенде Ауғанстанды өркендеген елге айналдыра ала ма» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipterdin-kushi-nede-nemese-talipter-bilik-basyna-kelgende-auganstandy-orkendegen-elge-ainaldyra-ala-ma-12419/#gsc.tab=0);

«АҚШ Ауғанстанда жаңа соғыс бастауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/aqsh-auganstanda-jana-sogys-bastauy-mumkin-8052/#gsc.tab=0)

"Тәліптер Ауғанстанда өздерінің мемлекеттік органын құратынын мәлімдеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-auganstanda-ozderinin-memlekettik-organyn-quratynyn-malimdedi-8018/#gsc.tab=0);

"Тәліптер мен АҚШ келіссөзіндегі негізгі тезис" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-men-aqsh-kelissozindegi-negizgi-tezis-11380/#gsc.tab=0)

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат