Тәліптердің жеңіске жетуінің тағы сыры айтылды
Тәліптердің жеңіске жетуінің тағы сыры айтылды
3 жыл бұрын 1725 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ Қарулы күштерінің штабтар бастығының біріккен комитетінің жетекшісі, генерал Марк Милли Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ауғанстан билігінің әскер саны жағынан үш есе аз әрі қару-жарақ арсеналы да жұтаң тәліптер радикалды қозғалысынан (әлемнің бірталай елінде және Қазақстанда іс-әрекеті мен насихатына тыйым салынған) жеңілуінің бір себебін айтты. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық генералдың айтуынша, ауған әскерінің содырлардан жеңіліс табуына билік құрылымдарын дендеген жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық себеп болған. Әскери маманның сөзіне қарағанда, ауған билігінің өзі халық үшін заңсыздықтың ортасы болғандықтан сенімнан айырылған. Нәтижесінде содырлар билік басына келді. Бұл қателік сыбайлас жемқорлық жайлаған кез келген мемлекеттің басына күн туса, қайталануы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат