Тәж-Маһал таласқа түсті
Тәж-Маһал таласқа түсті
9 жыл бұрын 5022

Сәулет өнерінің асқан туындысы Тәж-Маһал мешіт-мавзолейі төңірегінде шиттер мен сүнниттер арасында талас-тартыс өршіп тұр.Үндістанның Агра қаласында орын тепкен осынау жауһарға шиттер біз иелік етеміз десе, сүнниттер де жәдігерге қатысты тарихи құқықтарын алға тартып отыр. Бұл дау Уттар-Прадеш штатының азшылықтың істерімен айналысатын министрі Азам Ханның мешітті осы штаттың уақыптар кеңесіне табыс етуді талап еткеннен кейін тұтанған болатын. Оның айтуынша, осы нысаннан түсетін табыстың игілігін мұсылмандар көруі тиіс. Ал шиттер жетекшілері өздерінің қарамағына алғысы келетіндерін мәлім етіп отыр. Сондай-ақ, ол  министрді аталмыш мәлімдемесімен осы уақытқа дейін тату-тәтті бірге өмір сүріп келе жатқан сүнниттер мен шиттерді араздастырып қойды деп айыптады.

0 пікір
Мұрағат