Тағы бір мұсылман елі криптовалютаға тыйым салды
Тағы бір мұсылман елі криптовалютаға тыйым салды
6 жыл бұрын 2972 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Катардың орталық банкі ел аумағында биткоинмен байланысты кез келген қаржылық опреацияны жүзеге асыруға, есеп айырысуға, ұлттық және өзге валютаға айырбастауға, биткоинмен мәміле жасауға банктен шот ашуға, биткоинды сатып алу немесе сату мақсатында ақша аударуға, т.б. қатаң тыйым салынды. Катардың орталық банкі осы мақсатта арнайы циркуляр да шығарды. Криптовалютамен байланысты мәмілелерден сақтандыру үшін. Аталмыш тыйымды елемегендерге шара қолданылады. Катардың орталық банкі криптовалютаға неліктен тыйым салғанын былайша түсіндірді: электронды ақша заңсыз ақша, өйткені, қандай да бір ұлттық банк немесе үкімет оған кепілдік беріп отырған жоқ. Бұған қоса, бұл валюта бағасының ауытқу қатерінің жоғары, мұны өз кезегінде қаржылық қылмыста, дәлірегі, алаяқтық мақсатта пайдаланып, пайда табатындар қарасын арттырады. 

0 пікір
Мұрағат