|
Ресей қару саудасынан қанша пайда тапты?
|
Өткен жылда, яғни, 2017 жылы Ресей Федерациясы қару-жарақ саудасынан 15 млрд доллардан аса пайда тапқан. Бұл жайында президенттің әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Кожин «Коммерсант» мерзімді басылымына берген сұхбатында мәлім етті. Оның айтуынша, соңғы жылы Ресейден ешуақытта қару сатып алып көрмеген елдер де ресейлік қару үлгілеріне қызығушылық танытқан. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Катар, т.б. Айта кету керек, ресейлік қару-жарақты Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америка елдері сатып алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)