Студент жедел жәрдем дронын ойлап тапты (видео)
Студент жедел жәрдем дронын ойлап тапты (видео)
10 жыл бұрын 3212

Голландық студент Алек Момонт жүрегі нашар адамдарға арналған әрі дефибриллятормен жабдықталған «жедел жәрдем дронын» жұртшылықтың назарына ұсынды. Денсаулығы сыр бергендерге дер кезінде көмекке «асығатын» шағын ұшақ сағатына 10 шақырым қашықтықты артқа тастай алады. Аталмыш шағын ұшақ 4 келіге дейін қажетті жүкті тасымалдауға қауқарлы. Бір дрон пациентке 12 шаршы шақырым радиуста бір минуттың ішінде дефибрилляторды жеткізіп береді. Бұл өз кезегінде денсаулығы сыр беріп, өмірі қыл үстінде тұрған адамдардың өмірін сақтап қалуға 8 пайыздан 80 пайызға дейін септігін тигізеді. Осынау жүйе қалай жұмыс істейді? Дрон жедел жәрдем қоңырауын «қағып алып», айтылған жерге лезде жетіп барады. Дронға орналастырылған әрі науқастың жағдайынан хабар жеткізетін камера арқылы сырқатқа көмекке ұмтылған адамдарға қандай көмек көрсету жайында нұсқау беріледі. «Жыл сайын  Еуропада шамамен 800000 адам жүрек таалмасына ұшырайды және тек олардың 8 пайызы ғана тірі қалады»,- деді 23 жастағы Делфтск техникалық университетінің студенті Алек Момонт. «Олердың дені дер кезінде медициналық көмек көрсетілмегендіктен қаза табады. Жүрек талмасына ұшыраған адамға тірі қалуы үшін кем дегенде орташа есеппен алғанда шамамен 10 минутта медициналық көмек көрсетілуі керек. Өйткені, бұл аралықта жүрек талмасы ұстаған адам оттегінің жетіспеуінен ары кеткенде 6-7 минуттан ұзамайды»,- деді студент.

0 пікір
Мұрағат