Сомалиде балалар аштан қырылып жатыр
Сомалиде балалар аштан қырылып жатыр
9 жыл бұрын 4154

Соңғы бірнеше күннің ішінде Сомалиде аштықтан кем дегенде алты бала қыршынынан қиылған, жүздеген бала аштықтан қырылудың алдында тұр. Бұл жайында Press TV ақпарат көзі хабар таратты. Сомали билігінің өкілі Мұхамұд Вариенің сөзіне қарағанда, ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 350 шақырым қашық жатқан Бакул аймағында осындай қайғылы жағдай орын алып отыр. Бұл аймақ өткен жылдың орта шенінде құрғақшылық пен қуаңшылықтан қатты зардап шеккен болатын. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Сомалиге аштықтың алдын алу үшін 933 млн доллар мөлшерінде қаржылай көмек көрсетуге уәде берген еді, алайда, бұл қаржылай жәрдем әлі күнге аударылмаған. БҰҰ-ның есебі бойынша бес жасқа дейінгі 218 мыңнан аса сомалилік бала аштықтың азабын тартуда. Оның үстіне, Сомалидегі гуманитарлық ахуалды 2006 жылдан бері толастамай келе жатқан үкімет әскері мен көтеріліске шыққан аш-Шабаб тобының арасындағы қарулы қақтығыс та қиындатып жіберген еді.

0 пікір
Мұрағат