Скандинавиялықтар рамазанға қатысты өз ережелерін шығарды
Скандинавиялықтар рамазанға қатысты өз ережелерін шығарды
7 жыл бұрын 3133

Скандинавияда тұратын мұсылман жамағаты рамазан айына қатысты бірқатар жаңа ережелер енгізбекші. Бұл осы аймақта жиі орын алатын «ақ түндерге» байланысты болып отыр. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Биылғы жылы рамазан айы 18 маусымға, яғни жазғы күн тоқырауына үш қалғанда басталады. Бұл уақыттары аталмыш аймақтарда күн көзі мүлдем батпайды десек те болады. Тек оңтүстікке қарай бар болғаны бірер сағатқа жасырынады.  Бұл табиғи ерекшеліктер таңнның атысы мен күннің батысы аралығында ауыз бекітетін мұсылмандар үшін ыңғайсыздық тудыратыны белгілі. Мысалға, Скандинавия мұсылмандары үшін екі күрделі сауал туындап тұр: қай уақытта ауыз бекітеді және қай уақытта ауыз ашады? Айталық, Стокгольм қаласында жазғы уақытта мүлдем күн батпайды.

Аталмыш мәселелер бойынша Еуропа пәтуалар және зерттеу Кеңесі айналысып жатыр.  Әзірге көпшілік пікірі, скандинавиялықтар өзге аймақтағы мұсылмандармен бірдей уақытта ауыз бекітіп, солармен бірдей уақытта ауызашар жасауға сайып отыр.

0 пікір
Мұрағат