Сиыр етін тұтынуға заң жүзінде тыйым салынатын болды
Сиыр етін тұтынуға заң жүзінде тыйым салынатын болды
4 жыл бұрын 56168 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей, сиырға сиынатын Үндістанда ірі қараны союға, ұрып-соғуға, етін жеуге, т.б. қатаң тыйым салынған. Дәлірегі, Үндістанның Кералы, Гоа, Батыс Бенгалия және аталған елдің солтүстігінде орын тепкен кей штаттардан бөлек қалған штаттарда сиыр етін тұтынуға заңмен тыйым салынған. Жергілікті халық қасиетті санайтындықтан. Осы елдегі азшылықты құрайды дегенімен саны жағынан көптеген ислам еліндегі мұсылмандардан қарасы көп үнді мұсылмандарының құқығы осылайша ескерусіз қалып отыр.

Десе де бұл бағытта интернеттегі жарияланған деректер көп жаңартылмағанын айта кету керек: 2016 жылы АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігінің шолуында келтірілген мәліметке қарағанда, Үндістан соңғы жылдары сиыр етін экспорттау бойынша жетекші елдердің біріне айналып келеді – су енекесінің етінің есебінен сиыр етінің әлемдік сауда айналымының 20%-ы Үндістан үлесінде болып шықты. Ал 2012 жылы сиыр етін өндіруде және сиыр етін тұтынуда әлемде бесінші орыннан көрінген.Таяуда Шри-Ланканың билік басындағы Подуджана Перамуна партиясы сиыр союға мемлекет деңгейінде тыйым салу турасында ұсыныс білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы WioNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Осынау арал мемлекеттегі мұсылмандарға қарсы ұлтшыл партияның кезекті «жорығы» ретінде бағаланған бұл бастама парламентте де мақұлданып отыр.

Бұдан бөлек, аталған ел билігі сиыр етін сырттан тасымалдауға да, яғни, импорттауға да тыйым салуды қарастырып отыр. Сөз орайы келгенде айта кетейік, бүгінде Шри-Ланка тұрғындарының жан басына шаққанда жылына 1,8 келі сиыр етінен айналады екен. Ал тауық еті бойынша бұл көрсеткіш 7,9 келіні құрап отыр. Осы елдегі мұсылмандарға ең қырын қарайтын сингалдық буддашылар талай жыл бойы сиыр етін тұтынуға жалпы ұлттық тыйым салуды бастама етіп көтеріп келеді.

0 пікір
Мұрағат