|
Сирияда қауіпті, жұқпалы індет таралуы мүмкін
|
«Жұт – жеті ағайынды», үш жыл азаматтық соғыстан көз ашпаған, халқының жартысы босып кеткен, оның үстіне, ИСИМ содырлары сойқан салған Шам жерінде «жығылғанға – жұдырық» дегендей, жұқпалы тырысқақ індентінің таралу қаупі төніп тұр. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы дабыл қағып отыр. Бүкіл әлемдік аталмыш ұйымның мәліметіне қарағанда, бұл елден А гепатитімен және іш сүзегімен сырқаттанған науқастардың бары анықталған. «Әлбетте, жағдай одан ары ушыға түседі. Біз жік-жікке бөлініп, бір-бірімен қырқысқан топтардың суды өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін пайдаланғанын көрдік. Бұл өз кезегінде адамдар ішетін ауыз судың ластану деңгейінің қатері жоғары болатынын білдіреді»,- деді Сириядағы ДДҰ өкілі Елизабет Хофф.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай соты жасанды зердемен алмастыру мақсатында қызметкерлерді жұмыстан қууға тыйым салды
■
Көп ретті виза қажетті қызметтерді брондау процедурасынан құтқармайды
■
Cусамыр дертін иммуннитет белсенділігін тежемей-ақ емдейтін инновациялық әдіс пайда болды
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Ішімдік уытының денеден толық шығуы үшін қанша уақыт кететіні айтылды