Швед соты хижабқа тыйым салу қарастырылған заң жобасына тосқауыл қойды
Швед соты хижабқа тыйым салу қарастырылған заң жобасына тосқауыл қойды
3 жыл бұрын 3460 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швед соты мектеп қабырғасында шариғат шәлісін киіп жүруге тыйым салу көзделген заң жобасын конституцияға (адам құқығына, наным-сенім бостандығына) қайшы деп таныды. Аталған скандинавиялық елдің Скурупа қаласының кеңесі өткен жылы жасы 13-ке толмаған қыз оқушылардың мектеп қабырғасында орамал тағуына тыйым салған болатын. Бұл тыйым жергілікті тұрғындар арасында наразылық тудырған еді. Prästamosseskolan швед мектебінің мұсылман емес оқытушылары да қалалық кеңестің бұл шешіміне наразылық білдіріп, тіпті, кейбіреуі мұсылман оқушыларына қолдау танытып, мектепке шариғат шәлісін жамылып келген болатын. Осы аптаның сәрсенбісінде Мальменің апелляциялық әкімшілік соты мәлімдемесін жариялады. Онда Скурупа кеңесінің шешімі наным-сенім бостандығын шектейтіндігі үшін конституцияға әрі Еуропа конвенциясына қайшы келетіні айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде аталған елдегі мұсылмандар қарасы ел тұрғындарының санына шаққанда 8,1 % -ды құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат